Жаңарған жол – жеңіл қозғалыс
Қостанайда биыл жол жөндеуге 5,5 миллиард теңге бөлінді. Қала көшелеріндегі 27,8 шақырым жол жөнделіп, 35 ауланың аумағы жаңартылды. Бұдан бөлек, көлік қозғалысын жеңілдету үшін қиылыстар кеңейтіліп, оңға бұрылатын арнайы жолақтар салынды. Ал сапаны бақылауы кезінде кейбір учаскелерден ақау анықталған.
Ұлттық сапа орталығымен келісім шарт жасасқан қалалық ТҮКШ бөлімі биыл жолдан 131 сынама алған. Оның 33-і талапқа сай келмеген. Кейін оның жетеуі түзетілген. Қалғаны бақылауда. Сонымен қатар, кепілдігі бар 122 жол учаскесі де тексерістен өткен.