Негізгі Жаңалықтар Облыста жерді заңсыз иеленудің 174 фактісі анықталды сурет

Облыста жерді заңсыз иеленудің 174 фактісі анықталды сурет

Өңірде жер учаскелерін өз бетінше иеленудің 174 фактісі анықталды. Бұл заң бұзушылықтар облыстағы мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит барысында белгілі болды. Анықталған учаскелерде құқық белгілейтін құжаттары жоқ ғимараттар салынған.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, мұндай нысандар жер және салық есебінен тыс қалып, жергілікті бюджетке түсім әкелмейді. Қазір Қостанай қаласының әкімдігі әр жағдайды жеке тексеріп, жер учаскелерін заңдастыру және заң бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, 143 факті бойынша мәлімет полиция департаментіне, тағы 31 жағдай Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған. Егер заң бұзушылық расталса, кінәлі тұлғаларға әкімшілік жаза қолданылып, заңсыз салынған нысандарды бұзу туралы талап қойылады. Ал қажетті құжаттары бар нысандардың иелері жер пайдалану құқығын рәсімдеп, жер үшін жалдау ақысын немесе сатып алу құнын төлеуі тиіс.


Бөлісу