Картадағы жедел жәрдем
Қазақстанда жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді жедел жәрдем бригадасы шақыртуға жіберілгеннен кейін, пациент оның орналасқан жерін және шақырту орнына қарай қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алады.
Жаңа ережеге сәйкес, жедел жәрдем бригадасы шақыртуға жіберілгеннен кейін, шақыртуды қабылдаған адамға автоматты түрде хабарлама келеді. Сондай-ақ жүйе жіберілген бригаданың шақырту орнына қарай қозғалысы мен орналасқан жерін нақты уақыт режимінде көрсетуге қажетті деректерді береді. Құжатта автоматтандырылған басқару жүйесі бригаданы шақыртуға бекіткеннен кейін, шақыртуды қабылдаған адамға автоматты түрде хабарлама жіберу және бригаданың орналасқан жері мен қозғалысын нақты уақыт режимінде көрсету үшін қажетті ақпарат геодеректердің геосервистерімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы берілетіні көрсетілген. Бұдан бөлек, шұғыл шақыртуларға қызмет көрсететін мобильді бригадалардың көліктері GPS-бақылау және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады. Бұл бригаданың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді.