Негізгі Жаңалықтар Ақын мұрасы – мәңгілік

Ақын мұрасы – мәңгілік

Торғай топырағында дүние есігін ашқан Нұрхан Ахметбеков – қазақтың халық ақыны, жыршылық дәстүрдің көрнекті өкілі. Оның елге кең тараған дастандары мен мол мұрасы бүгінде музей төрінде сақтаулы.

Арқалы ақын Нұрхан Ахметбеков 1903 жылы Жангелдин ауданындағы Жаркешу ауылында дүниеге келген. Музей-үйінде ақынның жеке заттары, қолжазбалары, кітаптары мен сирек фотосуреттері сақталған. Бұл жәдігерлерді музей ашылғанға дейін жұбайы Нәбира Ахметқызы, ұлы Мәлікзада және келіні Тұрағұл сақтаған.

Ата мұрасын қастерлеп, оны келушілерге таныстырып жүрген Сейітбаттал Мәлікзадаұлының айтуынша, атасынан бала кезінде айырылса да, сол кезден қалған кейбір естеліктері әлі күнге дейін жадында. Әсіресе, әжесі мен анасы атасы жайында тағылымды әңгімелерді жиі айтып отырғанын еске алды.

Нұрхан Ахметбеков - әлі де толық зерттелмеген тұлға. Ол халық ауыз әдебиетімен қатар, жазба әдебиетке де елеулі үлес қосқан. «Ұры қарға», «Жасауыл қырғыны», «Есім сері», «Амангелді» дастандары кітап болып жарық көрмей тұрып-ақ ел арасына кең тараған. Сонымен қатар, ол - Халық ақындарының арасынан Жамбыл Жабаевтан 

Нұрхан Ахметбековтен қалған мол мұра бір ақынның ғана емес, тұтас ұлттың рухани қазынасы. Оның шығармаларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу өткенді ұлықтап, ұлттық мұраны жаңғыртудың маңызды жолы. 


Бөлісу