Негізгі Жаңалықтар Қостанайда сауда саласына серпін беретін хаб салынады

Қостанайда сауда саласына серпін беретін хаб салынады

Бір дүкеннен бір ғана зат қажет болып тұр ма? Ол үшін дүкенге арнайы барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Енді қажетті тауарды үйден шықпай-ақ онлайн тапсырыс беруге жол ашылады. 

Қостанайда онлайн-сауданың жаңа форматы іске қосылмақ. Яғни, қалада тағы бір индустириялық-логистикалық хаб бой көтереді. 7 700 шаршы метр аумақта жалпы құны 5 млрд теңгелік ғимарат салынады. Сауда желісінде сатылатын 10 мыңнан астам тауар түрінің жартысы отандық өнім болмақ. Жоба іске қосылғанда 300-ден астам адам жұмыспен қамтылады. Ал хаб тәулігіне 6 мыңға дейін тапсырыс өңдей алады. Тек мегаполистерде ғана емес, күн санап көркейіп келе жатқан Қостанайда да үлкен сауда желісі іске қосылса, өңір экономикасының серпін алары сөзсіз. 


Бөлісу