Негізгі Жаңалықтар «Жарқын болашақ»: жаңа өңірдегі жаңа мүмкіндіктер

«Жарқын болашақ»: жаңа өңірдегі жаңа мүмкіндіктер

Білім - болашаққа бастар жол. Ал сол жолды ашуға мүмкіндік беретін қолдау - жас ұрпақ үшін үлкен демеу. Маңғыстау жастарына осындай мүмкіндік сыйлаған жобалардың бірі - «Жарқын Болашақ» білім беру бағдарламасы. Жоба 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен бастау алған.

«Жарқын Болашақ» арқылы қазір 1005 маңғыстаулық жас еліміздің әр өңірінде тегін білім алып жүр. Оның 71-і Қостанайда оқиды. Жастар түрлі мамандықты таңдаған. Бірі мұғалім болғысы келеді, енді бірі медицина, құрылыс немесе техникалық саланы меңгеріп жатыр. Маңғыстаудан Қостанайға білім іздеп келген жастардың қатарында Темірлан Жылқыбаев та бар. 

Ал кей жастар оқуын аяқтаған соң Қостанайда қалуды жөн көреді. Солардың бірі - Бақдәулет Жұбанов. Маңғыстаудың тумасы Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінде тегін оқып, биыл диплом алды. Енді осы қалада қалып, еңбек етуді жоспарлап отыр. 

Бақдәулеттің Қостанайға келуіне әкесі Қайраттың да ықпалы болған. Ол бұл өңірге бірнеше жылдан бері көшіп келуді ойлаған. Кейін жұбайымен бірге ақылдасып, биыл отбасымен Маңғыстаудан Қостанайға көшіп келді. Енді Жұбановтар отбасы осы жерде тұрақтап, жаңа өмір бастамақ. 

Ал «Жарқын Болашақ» аясындағы қолдау биыл да жалғасады. Жаңа оқу жылында «ҚазМұнайГаз» ұлттық 

компаниясы өңір жастарына 241 грант бөлді. Оның 193-і колледж талапкерлеріне, 48-і мектеп оқушыларына беріледі. Бұл - жастардың сапалы білім алып, болашақ мамандығын таңдауға жол ашатын тағы бір мүмкіндік. 


Бөлісу