Негізгі Жаңалықтар Жалған дабыл жазасыз қалмайды

Жалған дабыл жазасыз қалмайды

Қостанай қаласында №17 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы полицияға хабарлама түскен. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қауіп туралы хабарлама түскеннен кейін полиция қызметкерлері мектеп ғимаратын дереу тексеруге кірісті. Оқиға орнына тиісті мамандар шақырылып, оқу орнында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мамандар жүргізген тексеру барысында мектептен жарылғыш заттар мен күдік тудыратын басқа да заттар табылған жоқ. Бұл — аталған мектепке қатысты соңғы күндердегі екінші жағдай. Бұған дейін де №17 мектеп Қостанайдағы бірнеше білім беру ұйымымен бірге арнайы қызмет өкілдерінің тексеруінен өткен. Бүгін мектепке қайтадан қауіп туралы хабарлама түскен соң, оқушылар мен ұстаздар қауіпсіздік мақсатында ғимараттан эвакуацияланды. Қазір полиция жалған хабарламаның авторын анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты барлық мән-жай тексерілуде.



Бөлісу