Негізгі Жаңалықтар Жерлесіміз Азия ойындарынан күміс медаль жеңіп алды

Жерлесіміз Азия ойындарынан күміс медаль жеңіп алды

Жерлесіміз, ауыр атлет - Алексей Чуркин Азия ойындарында күміс медаль иеленіп, ел қоржынына жүлде салды. Халықаралық додада спортшы жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше рекордты жаңартты. Жарақаттан кейін қайта бабына келген Алексей енді әлем чемпионатына дайындықты бастап, лицензиялық жарыстарда бақ сынамақ.

Алексей үшін үлкен спорт бейтаныс орта емес. Спортшымыз- жасөспірімдер арасынан бастап ауыр атлетикадағы шеберлігін шыңдап, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап келеді. Азия ойындарындағы нәтиже де - осы ұзақ дайындықтың жалғасы.

Оның алтын медаль ала алмауына жарақаты әсер еткен. Дегенмен қиындыққа қарамастан жаттығу процесін жалғастырып, жарысқа қайта оралды. Спортшының дайындығын бақылап, оның мүмкіндігін жақсы білетін мамандар үшін бұл нәтиже — табандылықтың көрінісі.

Спорттық сайыстардан тыс Алексей қазір 

әскери міндетін де атқарып жүр. Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышына берік спортшы жаттығумен қатар армия тәртібін де қатаң сақтайды.

Алда әлем чемпионаты және лицензиялық жарыстар кезеңі. Алексей Чуркин үшін басты міндет — жинаған тәжірибесін келесі бәсекелерде тиімді пайдаланып, спорттағы жолын жалғастыру.


Бөлісу