Негізгі Жаңалықтар Әлеуметтік жобалар әлеуеті

Әлеуметтік жобалар әлеуеті

Наурызым ауданында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асуда. Қазір аудан орталығында жаңа баспаналар бой көтеріп, әлеуметтік нысандардың қатары артып келеді. Сонымен қатар балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін спорттық инфрақұрылым да даму үстінде. 

Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Биыл аудан орталығында тұрғындарды баспанамен қамтуға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Қазір мұнда төрт сегіз пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны — 560 миллион теңге.

Жаңа баспаналар заманауи талаптарға сай салынып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үйлердің айналасын абаттандыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Нысандар аумағына қажетті инфрақұрылым тартылып, аулалары көркейтіледі. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа пәтерлер тұрғындар игілігіне берілмек.

Ауданда бұқаралық спортты дамытуға да ерекше көңіл бөлініп келеді. 2023 жылы пайдалануға берілген спорт нысанында бүгінде балалар мен жастарға арналған түрлі үйірме жұмыс істейді. Мұнда болашақ чемпиондардың жаттығуына барлық дерлік жағдай жасалған.

Спорттық секцияларға қатысатын балалардың қатары жыл сайын артып келеді. Елді мекен жастары бос уақытын тиімді өткізіп, дене шынықтырумен айналысуға мол мүмкіндік алып отыр. 


Бөлісу