12 жыл шешілмеген кәріз мәселесі
Амангелді кентіндегі Рудненская көшесінің тұрғындары он екі жылдан астам уақыт бойы кәріз мәселесін шеше алмай келеді. 18 пәтерлі үйде орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ. Соның салдарынан қарапайым тұрмыстық қажеттілік тұрғындар үшін тұрақты шығынға айналған.
Үй тұрғындары ағынды суды арнайы техникамен сорғызып, бұл қызметке өз қалтасынан ақша төлейді. Басқа амал жоқ. Тұрғындардың айтуынша, жағымсыз иіс жиі сезіледі. Мәселе бойынша бірнеше рет тиісті органдарға жүгінгенімен, нақты шешім әзірге жоқ. Ал орталық кәріз жүйесіне қосылу тұрғындардың өз мүмкіндігіне байланысты емес.
Тұрғындардың айтуынша, мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Алайда кәріз жүйесіне қатысты түйткіл әлі шешімін тапқан жоқ. Оны тұрғындардың өз күшімен реттеуі