Негізгі Жаңалықтар Аудан ахуалы: атқарылған ауқымды, айтулы істер көп

Аудан ахуалы: атқарылған ауқымды, айтулы істер көп

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен барды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, шаруалармен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Егін жинау науқанының барысы, елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Сарыкөл ауданында биылғы егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде 332 мың 900 гектар алқаптың 90 пайыздан астамы жиналды. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау толық аяқталған. Шаруалар жалпы 531 мың тоннадан астам астық бастырды. Ал майлы дақылдарды жинау жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Шаруалармен кездесу барысында облыс әкіміне «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар таныстырылды. Құмар Ақсақалов елді мекендерді абаттандыруға, сондай-ақ жиналған қоқысты уақытылы шығаруға баса мән беру қажеттігін айтты.

Облыс әкімі халықпен кездесіп, ауданның даму барысымен танысты. Сарыкөл — ауыл шаруашылығы басым агроөнеркәсіптік өңір. Бұл саланың аудан экономикасындағы үлесі 85 пайызды құрайды. Қазір мұнда 557 ауыл шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді. Ауданда жалпы алғанда инфрақұрылым да жақсы дамып, тұрғын үй құрылысы қолға алынған.

Ауданда инфрақұрылымды дамытуға да басымдық беріліп отыр. Биыл жолдарды жөндеу, елді мекендерді ауыз сумен қамту және көшелерді жарықтандыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, ауданда жастардың белсенділігі де байқалады. Облыс әкімі халықпен кездесуі барысында белсенді жастардың атқарған жұмыстарымен танысты.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді облыс әкіміне тікелей жеткізді. Медициналық көмек, ауылішілік жолдарды жөндеу және өңірдің даму жобалары бойынша сауалдар қойылды. Әр сұраққа нақты жауап беріліп, көтерілген 


Бөлісу