Дінаралық достық – қоғамдық келісім негізі
Қостанай облысында діни татулық пен қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өңірде түрлі діни бағыттарды таңдаған азаматтарға заң аясында өз діни сенімдерін ұстануға барлық жағдай жасалған.
КСМ: Өңірде ислам, православие, католицизм және протестанттық бағыттағы діни ұйымдар жұмыс істейді. Олардың қызметі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы орайда облыс бойынша 27 мешіт. 31 православ, 4 католик шіркеуі және 29 құлшылық үйі ресми тіркелген. Діни саладағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру және деструктивті діни идеологиялардың алдын алу. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыста миссионерлік қызметке қатысты 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді.