Негізгі Жаңалықтар Психологиялық қолдау – бала қауіпсіздігінің кепілі

Психологиялық қолдау – бала қауіпсіздігінің кепілі

Облыста балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу - тұрақты бақылаудағы басты бағыттардың бірі. Осы ретте алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол салу жағдайларына ай сайын мониторинг жүргізу, аутодеструктивті мінез-құлық белгілерін ерте анықтау, педагог-психологтардың біліктілігін арттыру және балаларға психологиялық қолдау көрсету шаралары қарастырылған.

Профилактиканың негізгі бағыттарына балалар мен ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, қиын жағдайдағы балаларды ерте анықтау, отбасымен және білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс жүргізу жатады. Баланың өзін жалғыз сезінбеуі, оның мәселесін тыңдайтын сенімді ересек адамның болуы және қажет жағдайда маманнан көмек алуы – профилактиканың маңызды құрамдас бөлігі. Сонымен қатар отбасы құндылықтарын, өзара құрметті, жауапкершілікті, достықты және өмірдің құндылығын насихаттау балалардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.


Бөлісу