Негізгі Жаңалықтар Талай буын еңбегі тоғысқан кәсіпорын

Талай буын еңбегі тоғысқан кәсіпорын

Бірнеше буынның еңбегі мен талай жылдың тарихын тоғыстырған «Большевичка» тігін фабрикасына биыл – 85 жыл. Қостанайдағы кәсіпорынның мерейтойына орай оның өткенінен сыр шертетін көрме ұйымдастырылды. Мұнда әр жылдардағы киім үлгілері, өндіріс бұйымдары мен архивтік материалдар жинақталған. 

«Большевичканың» Қостанайдағы тарихы 1941 жылдан басталады. Соғыс жылдарында фабрика майданға қажетті киім-кешек тікті. Кейін өндіріс бағыты кеңейіп, кәсіпорын түрлі өнім шығаруды меңгерді. Бүгінде ұжым қалыптасқан дәстүрді сақтап, жаңа бағыттарды да игеріп келеді. 

Кәсіпорынның қалыптасуына өз үлесін қосқан жандардың қатарында ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлер де бар. Солардың бірі – Рәзия Ержанова. Ол 1986 жылдан бастап тігін цехтарын басқарып, өндірістің дамуына атсалысты. 

Көрмеге фабриканың 110-нан астам экспонаты қойылған. Олардың қатарында 1960 жылдардағы қала тұрғындарының киімдері, 1980 жылдардағы балалар киімі, 2000 жылдардағы мектеп формасы және қазіргі әскери киім үлгілері бар. Әр жәдігер фабриканың қалыптасу тарихы мен сан жылдық еңбегінен сыр шертеді. 

Осындай тағылымы мол тарихты кейінгі ұрпаққа 

жеткізу – көрменің басты мақсаты. «Большевичканың» 85 жылдық тарихына үңіліп, еңбек ұжымының жетістіктерімен танысам деушілер үшін көрме есігі 11- қазанға дейін айқара ашық. 



Бөлісу