Негізгі Жаңалықтар Сыртқы жарнамалар жаңартылады

Сыртқы жарнамалар жаңартылады

Қостанайда сыртқы жарнамаларға қатысты жаңа талаптар енгізілмек. Қолданыстағы нысандарға байланысты бірқатар өзгеріс қарастырылып отыр. Оның қандай талаптармен жүзеге асатыны қалалық әкімдік кеңесінде түсіндірілді.


2023 жылдан бері қаладағы талапқа сай емес конструкцияларды демонтаждау жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазір шаһарда 170-ке жуық жарнама құрылымы бар. Ал алдағы уақытта олардың сыртқы келбетіне және техникалық жағдайына қойылатын талап күшейтілмек.


Бөлісу