Оңтүстік аудандағы оң өзгерістер
Облыс әкімінің оңтүстік аудандарға жұмыс сапары Амангелді ауданында жалғасты. Аймақ басшысы мұнда тұрғын үй құрылысы, абаттандыру және кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ ауылдағы спорттың жай-күйіне назар аударып, жас спортшылармен кездесті.
Жеке инвестиция есебінен Батпаққара жерінде 2023 жылдан бері 217 млн теңгеге 13 үй салынды. Кезекте тұрған жандар үшін 323 млн теңгеге осы үйлер бой көтерді. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша жұмыс 90 пайызға аяқталған. Ал құрылыс жұмыстарымен ауданның тумасы айналысып жатыр.
Аймақ басшысы әр аудандағы жұмысқа сол жердің перзенті пайдасын тигізсе, ол үлкен мақтанышпен қатар жауапкершілік екенін жеткізді. Ал, үйдің сыртына сәндік тас қаптауышы Астанадан арнайы алдыртылып жатыр. Үйдің қасбеті 3 см пенопласт, 2 см кірпіш бетонымен қапталып, боялады. Алайда, оны өзімізде өндіруге мүмкіндік бар екенін, соны бастау керектігін тапсырды облыс әкімі.