Жалған нөмірмен жолаушы тасымалдаған
Қостанайда жолаушылар тасымалдап жүрген «MAN» маркалы маршруттық қоғамдық көлік жүргізушісінің жалған мемлекеттік нөмірмен жолға шыққаны анықталды.
Құқық бұзушылықты жедел-профилактикалық іс-шара барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтаған. Полицейлердің мәліметінше, аталған автобус жолаушыларды тасымалдап жүрген. Тексеру кезінде көлік құралына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылғаны белгілі болған. Осы факті бойынша автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Полиция жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерге жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Жалған нөмір пайдалану — заң бұзушылық. Мұндай әрекет заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.