Негізгі Жаңалықтар Мемлекет балансындағы жерлерге не салынады?

Мемлекет балансындағы жерлерге не салынады?

Қостанайда жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін алу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол учаскелерде мектеп, жол және саябақ салу жоспарланған. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен жиында айтылды. 

2024 жылғы су тасқыны «Колесные ряды» ауданын айналып өтпеді. Табиғи апат салдарынан мұндағы тұрғын үйлер мен бірқатар құрылыс нысандары зардап шекті. Су тасқынының ықтимал зардабын азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 4 желтоқсанда жер телімдерін мемлекет балансына алу рәсімі басталды. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына сәйкес аумақта саябақ аймағын құруды көздейді.

Красный Кузнец көшесіндегі 3/3, 3/13 және 3/15 мекенжайларында орналасқан үш жер телімі қосымша білім беру нысандарын ұйымдастыру үшін берілген. Ал тағы үш учаске бойынша мемлекет мұқтажы үшін алу рәсімі әлі аяқталған жоқ. Оның екеуінің иелері өтемақы көлемімен келіспегендіктен, сатып алу туралы келісімге қол қоюдан бас тартқан.

Сонымен қатар, «Юбилейный-2» шағынауданында 197 жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталды. Бұл жұмыстар шағынауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру аясында жүргізілуде. Тиісті шешім Қостанай қаласы әкімдігінің биылғы 31 наурыздағы және 10 маусымдағы қаулылары негізінде қабылданған.

Сонымен қатар, қалада жол қозғалысын реттеуге қатысты тағы бір жоба іске асып жатыр. Тәуелсіздік – Алтынсарин, Тәуелсіздік – Баймағамбетов көшелерінің қиылысында оңға бұрылатын жол айрықтарын ұйымдастыру үшін 4 жер телімін мемлекет балансына үшін алу жұмыстары жүргізілуде. Аталған учаскелерде жарнамалық конструкциялар тұр. Қазір жер телімдерін мемлекет қажетіне алу рәсімі бойынша тиісті жұмыстар атқарылу 


Бөлісу