Негізгі Жаңалықтар Торғайдағы тегеурінді тірлік

Торғайдағы тегеурінді тірлік

Торғайдың бүгінгі тынысы - тазалық пен абаттандырудан бөлек, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты істерден көрінеді. Аудан орталығында бос тұрған үйлердің мәселесі біртіндеп шешіліп, жаңа баспаналар бой көтеріп жатыр. Мектептердегі жылу желісі жаңартылып, спорттық нысандар салынуда. Бұл туралы облыс әкімінің Жангелдин ауданына жұмыс сапары барысында айтылды. 


Торғайдың басқа аудандармен салыстырғанда ең таза өлке екенін айтқан Құмар Ақсақалов аралауды Мерген саябағынан бастады. Осыдан екі жыл бұрын жеке кәсіпкер 25 млн теңгеге салған саялы орынға ойын алаңы орнатылған, 20 қарағай, 20 шырша, 210 қарағаш отырғызылған. 

Атқарылған жұмыстар көзге айдай анық көрініп тұр. Оны тек аудан орталығының тұрғындары емес, аудан халқы да байқап жүр. Соның бірі Серікбай Қожасағиев. Ол Шеген елді мекенінің азаматы. 

Аудан әкімінің айтуынша басты мәселе бос тұрған үйлерге қатысты. Торғайдағы 880 үйдің 40 шақтысы бос тұр. Сонымен жұмысты жалғастыру қажет. Аймақ басшысының келесі барған нысаны жаңа баспаналар. Тұрғызылып жатқан 12 үйді ауданның 4 тумасы өзара бөліп алған. Бірі 2 үйден, біреуі 3, тағы біреуі 5 баспананы бой көтеруіне күш салуда. Бір пәтердің аумағы 60 шаршы метр. Бұл үйлерді кәсіпкерлер өз қаражатына салуда. 

Су жаңа 24 пәтер әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріледі. Ал, үй кезегінде осы категориядағы 35 адам кезекте тұр. Қазан айында конкурс өтіп, мемлекет оны сатып алады. Айта кетейік, бұл үйлердің орнында 50-60-шы жылдары салынған ескі баспаналар болған. 

Нысандары аралағаннан кейін облыс әкімі аудан жұртшылығымен кездесті. Алдымен Дінмұханбет Бидашев өлкенің даму қорытындылары жайлы баяндады. Кейін өңір басшысы да облыстың ахуалы жайлы ақпарат берді. Кезек тұрғындарға да берілді. Торғай тұрғынының айтуынша аудан көлемінде 30-дың үстінде өзен-көл бар. Сол көлдер қазір ластануда көрінеді. 


Бөлісу