Жаңарған нысан – жаңа мүмкіндік
Арқалықтағы перзентхана ғимараты 1971 жылдан бері биыл алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жұмыс аяқталуға жақын болғанымен, нысанның сыртқы келбеті мен құрылыс қарқынына қатысты ескертулер бар
Аумағы 2 гектардан сәл асатын жер учаскесінде орналасқан нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ғимараттың сыртқы қасбетін безендіру бойынша бірнеше нұсқа қарастырылған. Алайда нысанды аралаған облыс әкімі бастапқы жобаны сынға алды. Оның айтуынша, таңдалған қасбет перзентханадан гөрі кәдімгі кеңсе ғимаратына ұқсайды.
Бұл ғимараттың іргетасы осыдан 55 жыл бұрын қаланған. 4 қабатты перзентхана 50 адамға дейін қабылдайды. Жаңа медициналық құрылғылар, атап айтқанда, 2 операциялық шам, 2 операциялық үстел мен басқарылатын гинекологиялық орындық сатып алынған.
Сонымен қатар, жаңа туған нәрестелерге арналған кереует, науқастарды тасымалдауға арналған, мүгедектігі бар адамдарға арналған арбалар да сатып алынуда. Сондай-ақ, перзентхана жанынан ангиографиялық құрылғы мен тағы бірқатар жабдықтарды қоятын нысанда салынып жатыр. Бұл ретте де мәселе жоқ емес. Ғимараттың әлі қабырғалары ғана қаланған. Ал шатыры әлі жоқ. Ангиографиялық құрылғы үлкен болғандықтан оны төбеден ғана кіргізуге болады. Құмар Ақсақаловтың «Төбе оған дейін жабылмайды ма?» деген сұрағына орынбасары былай деп жауап қатты.