Негізгі Жаңалықтар Жангелдин ауданында әлеуметтік жобалар жүзеге асуда

Жангелдин ауданында әлеуметтік жобалар жүзеге асуда

Жангелдин ауданында әлеуметтік жобалар жүзеге асуда

Жангелдин ауданында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Торғай қаласында кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен 12 жаңа үй салынуда. Нәтижесінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 24 пәтер беру жоспарланған.


Аудан орталығын абаттандыру жұмыстары да жалғасуда. Торғайдағы «Мерген» саябағы жаңартылып, аумағы көгалдандырылды. Бұл тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.


Сонымен қатар тұрғындар жолдардың жай-күйі мен су айдындарының ластануы мәселесін көтерді. Бұл мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігі айтылды.

Бөлісу