Негізгі Жаңалықтар Баспана құрылысына инвестиция артты

Баспана құрылысына инвестиция артты

Биыл тұрғын үй құрылысына 2,4 трлн теңге инвестиция бағытталған. Оның басым бөлігі, яғни 2,3 трлн теңгесі жеке тұлғалардың қаражаты. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді.

Алдын ала статистикалық мәліметке сәйкес, тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға артқан. Оның ішінде 104 млрд теңге мемлекеттік қаражат болса, 2,3 трлн теңге жеке тұлғалардың қаражаты есебінен салынған. Биыл 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ал сегіз айдың қорытындысы бойынша 11,3 млн шаршы метр тұрғын үй, яғни 105,9 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл жылдық жоспардың 55,3 пайызы.


Бөлісу