Негізгі Жаңалықтар Қан тапсыр – өмірге араша бол

Қан тапсыр – өмірге араша бол

Қан тапсыру арқылы адам өзгенің өмірін сақтап қалуға үлес қоса алады. Қостанайда донорлық қан мен оның компоненттерін дайындайтын жалғыз қан орталығы жұмыс істейді. Мұнда тұрақты түрде донорлардан қан алынып, медициналық ұйымдарға қажетті қан компоненттері жеткізіледі.


Донор болуға ниет білдірген азамат алдымен медициналық тексеруден өтеді. Дәрігер оның денсаулық жағдайын бағалайды. Тек талаптарға толық сәйкес келген адам қан тапсыру процедурасына жіберіледі

Донорлыққа тұрақты қатысатын азаматтардың қан тобы мен денсаулық жағдайы туралы мәліметтер орталықта сақталады. Қажетті қан тобы анықталған кезде сәйкес донорға хабар беріледі.

Гемопоэздік жасушалар регистріне енген азамат арнайы зерттеуден өтеді. Жасушалары науқастікімен сәйкес келген жағдайда трансплантация жасауға мүмкіндік туады. Мұндай сәйкестік ауыр дертке шалдыққан адамдар үшін маңызды.

Донор болуға келген азаматтың әрбір тамшы қаны - медициналық көмекке мұқтаж адам үшін аса маңызды. Өйткені ол өзгенің өміріне араша түседі. 


Бөлісу