«Тең мүмкіндік» алаңы
Жеңіл атлетика және түрлі спорттық сайыстар. Қостанайда «Тең мүмкіндіктер» фестивалі өтті. Жарысқа ерекше қажеттілігі бар балалар да қатысып, өздерінің спорттағы мүмкіндіктерін көрсетті. Олар үшін бұл тәжірибе жинап, өз нәтижесін байқап, алға ұмтылуға мүмкіндік берді.
Фестиваль үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған облыстың барлық ауданынан балалар жиналған. Жыл сайын қатысушылардың жасы мен дайындық деңгейіне қарай спорттық бағыттар да кеңейіп келеді.