Негізгі Жаңалықтар Бизнес саласындағы талап пен тәртіп

Бизнес саласындағы талап пен тәртіп

Кәсіпкерлердің құқығы қаншалықты қорғалған? Бақылаушы органдар жыл басынан бері қандай заң бұзушылықтарды анықтады? Бұл мәселелер облыс әкімдігінде өткен кездесуде талқыланды. Оған өңірдегі бақылау-қадағалау органдарының өкілдері мен бизнес қауымдастығы қатысты. Мамандар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді

Шағын және орта бизнесті тексеруге қойылған мораторий аяқталғаннан кейін кәсіпкерлік нысандарға бақылау күшейді. Мамандардың айтуынша, бірнеше жыл бойы тексеру жүргізілмегендіктен, коммерция мен өндіріс салаларында бірқатар заң бұзушылық анықталған. Кәсіпкерлерді көбіне санитариялық-эпидемиологиялық, еңбек және сауда инспекторлары тексереді. Соңғы бір жылда тексерулер саны 19%-ға артқан. Қостанай облысы еліміздегі бақылау шараларының саны бойынша 4-ші орында. 

Қоғамдық тамақтану мен бөлшек саудадағы қауіпсіздікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары қадағалайды. Жыл басынан бері 129 кәсіпкерлік нысаны тексеріліп, жартысынан заң бұзушылық анықталған. Кәсіпкерлерге 13 миллион теңге көлемінде 44 айыппұл салынып, 10 әкімшілік іс сотқа жолданды. 


Бөлісу