Негізгі Жаңалықтар Отбасы қауіпсіздігі бақылауда

Отбасы қауіпсіздігі бақылауда

Қостанай облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыс саны 49,5 пайызға азайған. Жыл басынан бері өңірде 51 қылмыс тіркеліпті. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 101 болған. Полиция қызметкерлері мұны алдын алу шараларының күшеюімен байланыстырады. 

Өңірде республикалық «Қауіпсіздік коды» акциясы өтіп жатыр. Негізгі мақсат – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алып, тұрғындарға қауіп төнген жағдайда қайда жүгіну керектігін түсіндіру. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға куә болған азамат оқиғаға бейжай қарамай, дер кезінде тиісті қызметтерге хабарласуы керек. 

Құқық қорғау органдары отбасылық жанжалдардың алдын алуға ерекше мән беріп отыр. Әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасылар анықталып, тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қорғау нұсқамалары шығарылып, агрессорлардың мінез-құлқына арнайы талаптар қойылады.

Отбасы мүшелеріне күш көрсетіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар да жауапкершіліктен тыс қалмайды. Жыл басынан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша 3615 адам жауапқа тартылған. 6146 қорғау нұсқамасы шығарылып, 3003 адамға ерекше талап белгіленді. Ал белгіленген талаптарды бұзған 545 

адам және ерекше талаптарды орындамаған 3484 адам жауапкершілікке тартылды. 


Бөлісу