Негізгі Жаңалықтар Бойкүйездік – денсаулық дабылы

Бойкүйездік – денсаулық дабылы

Күн соңында шаршау — көпшілік үшін қалыпты жағдай. Ал егер әлсіздік күн сайын қайталанып, ұйқыдан кейін де сергектік сезілмесе ше? Мұндай белгілерге көп адам мән бере бермейді. Сюжетіміздің кейіпкері де бастапқыда бұл жағдайды жай ғана шаршау деп қабылдаған. Алайда уақыт өте келе маман көмегіне жүгінуге тура келген. 

Кейіпкеріміздің әдеттегі өмір ырғағы біртіндеп өзгере бастаған. Күнделікті жұмысын атқарғанымен, бұрынғыдай белсенділік болмаған. Ең қиыны — бұл жағдайдың бір күндік емес, тұрақты сипат алуы. 

Маманмен жұмыс барысында кейіпкер күн тәртібіне ғана емес, өзінің ішкі жағдайына да назар аударған. Себебі психологиялық шаршау бір сәтте пайда болмайды. Оның қалыптасуына адамның ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелері әсер етуі мүмкін. 

Шаршау адам табиғатының ажырамас бөлігі болғанымен, оның ұзаққа созылуы назар аударуды қажет етеді. Өз жағдайын дер кезінде бағалап, маманға жүгіну — мәселенің себебін анықтауға жол ашады. 


Бөлісу