Негізгі Жаңалықтар Қостанай облысында 28 мыңнан астам вейп тәркіленді

Қостанай облысында 28 мыңнан астам вейп тәркіленді

Қостанай облысында заңсыз айналымнан алынған вейптердің нарықтағы құны 288 миллион теңгеден асады. Құқық қорғау органдары тыйым салынған өнімнің 28 мыңнан астам данасын тәркіледі. Заңсыз тауарды ел аумағына әкелу арнасы Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бірлескен жұмысының нәтижесінде анықталды. 

Кадрларда тыйым салынған өнім тиелген ондаған қорап. Вейптер есепке алынып, тәркіленіп, айналымнан шығарылды. Нарықтағы құны 288 миллион теңгеден асатын бұл өнім тұтынушыларға жеткен жоқ. 18 қыркүйекте тәркіленген өнімнің барлығы арнайы бөлінген аумақта жойылды.


Бөлісу