Негізгі Жаңалықтар Жол ережесін сақтамаудың 4 мың дерегі анықталды

Жол ережесін сақтамаудың 4 мың дерегі анықталды

Жыл басынан бері Қостанай облысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 4 мыңнан астам дерегі анықталған. Оның ішінде маневр жасау тәртібін бұзған жүргізушілер де бар. Полиция қауіпті жүргізу мен дрифтке жол бермеуге шақырады.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде маневр жасау тәртібін бұзудың 4 мың 325 дерегі тіркелген. Сонымен қатар, жолдар мен теміржол өткелдерін, сондай-ақ басқа да жол құрылыстарын зақымдаудың 953 жағдайы анықталған. Полиция өкілдерінің айтуынша, дрифт жасап, жолда қауіпті әрекеттерге бару жүргізушінің көлікті басқара алмай қалуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғасына себеп болып, басқа да жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіреді. Өңірде жолдағы тәртіпті күшейтуге бағытталған бақылау және алдын алу шаралары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жалғасып жатыр.



Бөлісу