Негізгі Жаңалықтар Ардагерлер кеңесі: тәлім мен тәжірибе

Ардагерлер кеңесі: тәлім мен тәжірибе

Аға буын өкілдері бас қосып, тәжірибе алмасты. Меңдіқара ауданында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен семинар өтті.Қатысушылар ауданның әлеуметтік және рухани нысандарын аралап, ұрпақтар сабақтастығы мен аға буынның қоғамдағы рөліне тоқталды. Басқосуды ұйымдастыруға жергілікті «Азат и Д» компаниясы да қолдау көрсетті.

Аға буын өкілдері бас қосқан жиында бірқатар мәселені шешу жолдары сөз болды. Қатысушылар ардагерлермен жұмысты жандандыру, жастармен байланысты күшейту және қоғамдық бастамаларға белсенді араласу жөніндегі ойларын ортаға салды.

Семинарды ұйымдастыруға жергілікті кәсіпкерлер де қолдау көрсетті. Солардың қатарында «Азат и Д» ЖШС бар. Компания ардагерлердің сапарын ұйымдастыруға өз үлесін қосты. Қоғамдық бастамаларға белсенді атсалысқаны үшін Динара Ахметоваға аудан әкімінің атынан алғыс хат табысталды.

Меңдіқара ауданында да ардагерлермен жұмысты жүйелі жүргізуге көңіл бөлінген. Ауданда мыңдаған зейнеткер бар. Кеңес мүшелері олармен тұрақты байланыс орнатып, қоғамдық жұмыстарға тартуға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге басымдық беріп отыр.


Бөлісу