Ғасырдан асқан ғибратты ғұмыр
Қасымхан Алдабергенов – өңір журналистикасының қалыптасуына өзіндік үлес қосқан қаламгер, майдангер, әрі ұстаз. Бүгінде оның өнегелі өмір жолы мен кәсіби мұрасы ғылыми еңбекке арқау болып отыр.
Қаламгердің өмір жолына үңілгенде, оның кәсіби болмысы қалыптасқан ортаның да маңызы байқалады. Соғыстан кейінгі жылдары журналистикаға келген буын үшін баспасөз тек ақпарат тарататын құрал емес, қоғамдық пікір қалыптастыратын негізгі алаң болды. Қасымхан Алдабергенов те осы кезеңнің бел ортасында еңбек етті.