Негізгі Жаңалықтар «Тобыл» ФК жаңа құрылтайшымен толықты

«Тобыл» ФК жаңа құрылтайшымен толықты

«Тобыл» футбол клубының құрылтайшылары қатарына жаңа ұйым қосылды. Команданың басқару құрамына жергілікті агрохолдинг енді. Жаңа құрылтайшы клубты басқару жүйесін жаңғыртып, демеушілік көмектің бағыттарын нақтылауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ұлттық құрама мен футбол академиясына қаржылай қолдау көрсету де көзделген. 

«Olzha Agro» ЖШС бас директоры Әлішер Қожаназаров өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында клубтың қазіргі құрамын сақтап қалу және «Тобылдың» әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту негізгі мақсаттардың бірі екенін айтты. Жаңа құрылтайшы клуб президентін де тағайындады. Бұл қызметке Айдос Дүйсенбиев келді. Еске салсақ, биылдан бастап елімізде футбол клубтарын жекеменшік басқаруға беру үдерісі басталды. Қазір Қазақстандағы бірқатар клубтың жеке құрылтайшысы немесе тұрақты демеушісі бар. «Тобылдың» да басқару жүйесіне бизнестің араласуы - осы бағыттағы жұмыстардың бір бөлігі.



Бөлісу