Дипломнан кейінгі қадам
Жастар еңбек нарығына қаншалықты дайын? Жоғары оқу орнын немесе колледж тәмамдаған жас маман жұмыс іздегенде ең алдымен неге мән беруі керек? Осы және өзге де мәселелер «Jas Talks» диалог алаңында талқыланды. Кездесуге «Мансап орталығы» өкілдері мен жұмыс берушілер қатысып, еңбек нарығындағы нақты мүмкіндіктерді түсіндірді.
Диплом қолда болғанымен, тұрақты жұмыс табу бірден оңай бола бермейді. Әсіресе еңбек өтілі жоқ жас маман үшін алғашқы сұхбаттың өзі - үлкен сынақ. Мамандардың айтуынша, жұмыс іздеу тек бос орын табумен шектелмейді. Үміткер өз мүмкіндігін дұрыс бағалап, жұмыс берушімен сауатты диалог құра білуі керек.