Абайлаңыз, жаяу жүргінші!
Қостанай облысында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына қатысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілер қатысқан 257 жол апаты тіркелді. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 257-сі жарақат алған.
Оқыс оқиғалардың 10 жағдайында жол қозғалысы ережесін жаяу жүргіншілердің өздері бұзған. Осыған байланысты 14-16 қыркүйек аралығында республика көлемінде «Жаяу жүргіншіге назар аудар!» профилактикалық акциясы өтуде. Акция аясында полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін бақылауды күшейтті. Мамандар жаяу жүргіншілердің жолды тек белгіленген жерден кесіп өтуін қадағалайды. Сонымен қатар жүргізушілерге де қауіпсіздік талаптарын сақтау ескертіледі. Олар жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, жолдан өтуге дайын тұрған адамдарға ерекше назар аударуы қажет.