«Қарасора-2026» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Қостанай станциясында көлік полициясы жолаушылар мен пойыздарды тұрақты бақылауда ұстайды. Бұл жұмысқа кинологтар мен арнайы үйретілген қызметтік иттер де жұмылдырылған. Соңғы бір айда полиция есірткіге қатысты екі деректі анықтады. Алдын алу шаралары «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жалғасуда.