Арман болған баспана ақиқатқа айналды
Құрылыс – экономиканың қозғаушы күші. Бұл саладағы жұмыстар көбейген сайын, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Соңғы 3 жылда 1,8 млн шаршы метр үй бой көтерді. Биыл тағы 7 мың пәтерде тұрғындар қоныс тойын тойламақ. Одан бөлек, осы жалдан бастап саып алынған 1218 үйдің 634-і ауылдағы әлеуметтік осал топтағы жандарға табысталған.
Осыдан шамамен 2 жыл бұрын кірпіші қаланған Астана шағынауданындағы алғашқы 10 үйге адамдар қоныстанып үлгерген. Тағы 5 қабатты 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Инженерлік желілер жүргізілген баспанаға алдағы уақытта кіреберіс жолдар мен көгілдір отын да жеткізілмек. Бұл жердегі әр үйдің шаршы метрі 360 мың теңге. Баспан ішін аралаған облыс әкімі балконның өзі бір бөлмеге татитынын айтып, жұмысты жоғары бағалады.