Негізгі Жаңалықтар Өнер арқылы өрілген тәрбие

Өнер арқылы өрілген тәрбие

Қостанай облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №38 мекемесінде сотталғандарға арналған мәдени-демалыс іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл жолы мекеме қабырғасында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Сотталғандар алдында ұжымның жетекшісі әрі бас дирижері Лилия Ислямованың жетекшілігімен үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада сан түрлі жанрдағы музыкалық шығармалар орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай кездесулер сотталғандардың бос уақытын мазмұнды қалыптастырумен қатар, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ музыкалық өнер мен мәдени мұраға деген қызығушылықты арттырып, жағымды өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.


Бөлісу