Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ
Саламатты өмір салтын қалыптастыру – бір күндік науқан емес. Әдетке айналуы тиіс дағды. Сол себепті, осыны оқушыларға ерте жастан түсіндіру мақсатында мектеп ұжымы денсаулық күнін табиғат аясында өткізді. Басты ерекшелік – бұл жолы ата-ана мен бала арасындағы белсенді қарым-қатынасқа басымдық берілді.
Тобыл жағалауы бұл күні спорт алаңына айналды. Мұнда оқушылардың шапшаңдығы мен ептілігі, командалық рухы сыналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – баланы спортқа қызықтыру, күнделікті қозғалысты өмір салтының бір бөлігіне айналдыру.