Негізгі Жаңалықтар Өрт қаупі жоғары аумақтар бақылауда

Өрт қаупі жоғары аумақтар бақылауда

Өңірде өрт қауіпті кезеңі сәуір айынан бері жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында Қостанай қаласында 101 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 57-сі тұрғын үй секторларында, ал 31-і саяжай аумақтарында болған

Өрт қаупі кезеңінде жүргізілген мониторинг барысында саяжай аумақтарындағы оқиғалардың негізгі себептері анықталды. Көп жағдайда қызыл жалын қараусыз қалған учаскелердегі қураған шөптен немесе жиналып қалған қоқыстан тұтанады. Сондықтан осындай учаскелер қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ерекше бақылауында.


Бөлісу