Негізгі Жаңалықтар Өңірде «Дерт» фильмінің түсірілімі басталады

Өңірде «Дерт» фильмінің түсірілімі басталады

Қостанайда жаңа толықметражды фильмнің түсірілімі басталады. «Дерт» драмалық картинасының негізгі түсірілім тобы бүгін өңірге келді. Шығармашылық ұжымды жерлестеріміз теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алды. 

Фильмді 28 CINEMA және NEXT SCENE компаниялары бірлесіп, Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен түсіргелі жатыр. Түсірілім жұмыстары Қостанай қаласы мен облыс аумағында бір айға жуық уақытқа созылады. Алғашқы кадрлар 15–16 қыркүйекте бидай алқаптарында түсіріледі. Кейін түсірілім қала көшелерінде, әлеуметтік және мәдени нысандарда жалғасады. Картинада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды, Олжас Тоғымбет, Шұғыла Ешен және жас актриса Айару Бауыржан өнер көрсетеді. Фильмнің режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Назгүл Карабалина. Жоба авторлары Қостанайдың табиғаты мен өзіндік болмысын фильмнің көркем әлеміне арқау етпек. Мамандардың айтуынша, ауқымды киножобаның өңірде жүзеге асуы жергілікті шығармашылық ортаға серпін беріп, кино өндірісіне жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.


Бөлісу