Қиял әлемінің сиқырлы реңктері
Бала қиялы – шексіз әлем. Ал сол қиял бояуға айналғанда, ерекше туындылар дүниеге келеді. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты көркемсурет галереясында жас суретшілердің еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Қылқаламнан туған әрбір туынды - жай ғана сурет емес. Ол - автордың ойы, өмірге деген көзқарасы.
Көрме мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында «Кескіндеме» бағыты бойынша ұйымдастырылған. Оған қаламыздың бірнеше көркемсурет студиясының тәрбиеленушілері қатысты. Мұнда әртүрлі жанр мен техникада орындалған жұмыстар бар.