Негізгі Жаңалықтар Дала думаны – дүлдүлдер дүбірі

Дала думаны – дүлдүлдер дүбірі

Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында дүбірлі бәйге өтті. Бұл жолы додаға қазақтың қазанатына айналған «Қостанай тұқымды» жүйріктер мен олардың будандары қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген шабандоздар бірнеше қашықтықта бақ сынап, өзара үздігін анықтады. Бұл жарыс - ел чемпионатын саралайтын маңызды кезеңдердің бірі. 


Ат тұяғының дүбірі - қазақ даласының ежелден келе жатқан үні. Ал бәйге - сол дәстүрді бүгінге жеткізген ұлттық спорттың бірі. Мұнда жүйріктің бабы мен шабандоздың шеберлігі қатар сыналады. Қостанайда «2026 жылғы Бәйгеден Қазақстан чемпионаты» жобасының жетінші іріктеу кезеңі өтіп, еліміздің әр өңірінен келген шабандоздар өзара мықтыны анықтады. 


Бөлісу