Негізгі Жаңалықтар Қостанайлық судья шетелде тағылымдамадан өтті

Қостанайлық судья шетелде тағылымдамадан өтті

Сот төрелігінің сапасын арттыруда кәсіби тәжірибе алмасудың маңызы зор. Осы орайда «Болашақ» бағдарламасы арқылы судьяларға шетелде кәсіби тағылымдамадан өтуге жол ашылды. Аталған бағдарлама бойынша АҚШ-қа барған қостанайлық судья америкалық сот жүйесінің жұмысымен танысты. 

Ардақ Көкеман жеті жылдан бері Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судья болып жұмыс істейді. Ал заң саласындағы жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асады. Ол «Болашақ» бағдарламасына өтінім беріп, конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өтті. Нәтижесінде осы бағдарлама бойынша АҚШ-та бір жылдық кәсіби тағылымдамадан өткен Қазақстандағы алғашқы судья атанды. 

Тағылымдама Michigan State University базасында өтті. Бір жыл ішінде Ардақ Көкеман америкалық сот жүйесінің жұмысымен танысып, Қазақстан мен АҚШ-тағы сот төрелігін жүзеге асыру тәсілдерін салыстырды. Әсіресе сот шешімдерін қабылдаудағы құқықтық ұстанымдардың айырмашылығына назар аударды. Екі елдің құқықтық жүйелері бір-бірінен едәуір ерекшеленеді екен. 

Шетелдік тәжірибені зерделеу - өзге елдің жүйесін сол күйінде енгізу емес, тиімді тұстарын отандық тәжірибеге бейімдеу. Бір жыл ішінде Ардақ Көкеман АҚШ-тың бірнеше қаласында болып, сот тәжірибесімен танысты. Судьялармен, ғалымдармен және тәжірибелі заңгерлермен пікір алмасты. Енді жинақтаған білім-білігін елдегі сот төрелігін жетілдіруге пайдаланбақ. 



Бөлісу