Негізгі Жаңалықтар Туған жерді таза ұстау – ортақ парыз

Туған жерді таза ұстау – ортақ парыз

Тазалық пен тәртіп - кез келген елді мекеннің ажарын айқындайтын маңызды өлшем. Ал оны сақтау - бір күндік науқан емес, ортақ жауапкершілік. Бұл мәселелер Бейімбет Майлин ауданында да назардан тыс қалған жоқ. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов елді мекендерді аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Кездесулерде экологиямен қатар, жол, ауыз су және газ мәселелері де көтерілді. 

Туған жердің тазалығы ең алдымен адамның өз ауласынан басталады. Бейімбет Майлин ауданында тұрғындар өз мекендерінің көркін сақтауға атсалысып, аулалар мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге күш салып келеді. Дегенмен, жүйелі жұмыстарға қарамастан, рұқсат етілмеген қоқыс орындары әлі де бар.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар елді мекендердің көркін келтірумен ғана шектелмейді. Оның негізгі мақсаты - тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру. Ауыл тұрғындары да бұл бағыттағы оң өзгерістерді байқап отырғанын айтады. 


Бөлісу