Негізгі Жаңалықтар Былапыт сөйлегені үшін жауапкершілікке тартылды

Былапыт сөйлегені үшін жауапкершілікке тартылды

Жолаушылар пойызында ішімдік ішіп, балағат сөз айтқаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның бұл әрекеті өзге жолаушылардың тыныштығын бұзған. Сот оны ұсақ бұзақылық жасады деп танып, айыппұл салды.

Оқиға 6- қыркүйек күні кешкі сағат тоғыз шамасында болған. Б. Майлин ауданының аумағы арқылы өтіп бара жатқан пойызда жолаушылардың бірі қоғамдық тәртіпке қайшы әрекет жасаған. Алкогольдік ішімдік ішкен ер адам сапар барысында былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға қолайсыздық туғызған. Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындады. Үкім шығару кезінде азаматтың кінәсін мойындағанын және кәмелетке толмаған балалары бар екенін назарға алынды. Ал оның құқық бұзушылықты мас күйінде жасағаны жазаны ауырлататын жағдай ретінде бағаланды.


Бөлісу