Негізгі Жаңалықтар Отбасы- береке бастауы

Отбасы- береке бастауы

Құрмет, сенім, өзара қолдау және жауапкершілік — берік отбасының негізі. Қостанайда жастар арасында қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға бағытталған ашық диалог өтті. Оған Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары қатысты. Іс-шараны «Жанашыр бол» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Бүгін мұнда отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жастар арасында ашық диалог өтуде. Кездесу барысында студенттер мен қонақтар қазақстандық дүниетанымның негіздері, ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңызы және қазіргі отбасылардың мәселелері жөнінде пікір алмасты. Полиция полковнигі Ерлан Намысов өз тәрбиеленушілеріне өмір бойы жақсы моральдық қасиеттерді бойда сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Жиынның ерекшелігі — жастардың белсенді қатысуында. Студенттер өз отбасындағы дәстүрлер жайында айтып, ата-анасынан алған тәрбиесі мен отбасы құндылықтары туралы ойларымен бөлісті.


Бөлісу