Негізгі Жаңалықтар Тілі бірдің -тілегі бір

Тілі бірдің -тілегі бір


Бала үшін тілдің – шекарасы жоқ. Қай ұлттан екеніне қарамастан, ол өзіне жақын ортаны, достарын және айтатын сөздерін таңдайды. Қазір өңірдегі қазақ мектептерінде түрлі этнос өкілдерінің балалары білім алып, мемлекеттік тілді қатарластарының ортасында еркін меңгеріп келеді. Бұл – қазақ тілінің күнделікті өмірде жаңа буынның ортақ тіліне айналып келе жатқанының бір көрінісі. 

Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін тебірене оқып тұрған балғынның есімі – Каролина. Ұлы ақын өлеңінің әрбір жолын жатқа айтқан бүлдіршіннің ұлты украин болса да, қазақ тіліне деген ықыласы ерекше. Бүгінде мұндай балалар үшін қазақ тілі – тек пән емес, достықтың, білімнің және ортақ шаңырақ астындағы бірліктің белгісі. 


Бөлісу