Облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесті
Биыл Денисов ауданына 3,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның 3,4 млрд-ы жекенің қаржысы. Сондай-ақ, 870 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген. Осы орайда шамамен 3 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. Осы және басқа да маңызды мәлімет облыс әкімінің тұрғындармен кездесуінде айтылды.