Негізгі Жаңалықтар Еңбек қатынастарына бақылау күшейді

Еңбек қатынастарына бақылау күшейді

Еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау тұрақты жүргізіліп келеді. Қостанайдағы еңбек қатынастарына қатысты ахуал тұрақты. Кәсіпорындарда еңбек жанжалдары тіркелмеген. Дегенмен, жалақы бойынша берешек мәселесі өзекті болып отыр. Бұл туралы қала әкімінің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте мәлім болды.

Еңбек заңнамасының сақталуы – мемлекеттік бақылаудың негізгі бағыттарының бірі. Жыл басынан бері облыста бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары 182 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 134 еңбек заңнамасын бұзу фактісін анықтады. Заң талаптарын бұзған жұмыс берушілерге қатысты тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 2 ескерту беріліп, 85 әкімшілік айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 16 миллион теңгеден асты.


Бөлісу