Негізгі Жаңалықтар Қайтарылған активтер – халық игілігіне

Қайтарылған активтер – халық игілігіне

Медицина саласы, өндірістегі қауіпсіздік және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері – Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаевтың Денисов және Жітіқара аудандарына жасаған жұмыс сапарының негізгі бағыты болды. Жұмыс сапары барысында облыс прокуроры әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысына назар аударды. Солардың бірі – Перелески ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулатория. Бүгінде медициналық нысан екі ауылдың тұрғындарына қызмет көрсетіп отыр.

жуық тұрғынға медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Нысанның жалпы құны 490 миллион теңгеден асады. Оның 455 миллион теңгесі Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен бөлінген. Жітіқара қаласында облыс прокуроры 940 миллион теңгеге жуық қаржыға жаңғыртылған емхананың жұмысымен танысып, медициналық қызмет көрсету жағдайын бағалады. Жұмыс сапары өндірістік қауіпсіздік мәселелерін де қамтыды. «Қостанай минералдары» кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы және өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары талқыланды. Ал №39 мекемеде жазасын өтеушілердің тұрмыстық жағдайы мен еңбекпен қамтылуы назарға алынды. Аудан прокуратурасында заңдылықтың сақталуы, азаматтардың құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы мәселелері бойынша жауапты тұлғалармен жұмыс кездесуі өтті.


Бөлісу